Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық аясында кешенді тазалық және көріктендіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіттің ішкі және сыртқы аумақтарында санитарлық-тазалық жұмыстары атқарылып, ғимараттың жалпы жағдайы ретке келтірілді. Аталған жұмыстар жамағаттың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.
Бұл бастама Рамазан айын лайықты деңгейде қарсы алуға бағытталып, мешіттің рухани-мәдени қызметінің сапасын арттыруға және тазалық мәдениетін нығайтуға негіз болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы