Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешіті қасиетті Рамазан айының құрметіне әрленіп, безендірілді.
Мешітке келген жамағатқа көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұлық айдың келгенін сүйіншілейтін «Қош келдің, Рамазан!» баннерлері ілінді. Сонымен қатар мешіттің ішкі және сыртқы аумағы әсем шарлармен, құттықтау плакаттарымен көркемделді.
Безендіру жұмыстары жамағатқа мерекелік көңіл күй сыйлау, Рамазан айының рухын сезіндіру және келген әрбір жанның жүрегіне қуаныш ұялату мақсатында жүзеге асырылды. Қасиетті ай баршаға береке мен шаттық әкелсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы