Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Бала Қажы» мешітінде «Дәуір» атты Құран алқасы басталды
Қарағанды қалалық «Бала Қажы» мешітінде «Дәуір» атты Құран алқасы басталды

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде Қарағанды қалалық «Бала Қажы» мешітінде ұстаз Фархад Нұрланұлының жетекшілігімен «Дәуір» атты Құран алқасы ұйымдастырылды. Шәкірттермен бірге күн сайын таң намазынан кейін өткізілетін бұл шара жамағаттың Құран оқу мәдениетін арттыруға, тәжуид ережелерін жетілдіруге бағытталған.

Алқада қатысушылар кезекпен бір аяттан оқып, күн шыққанға дейін толық бір параны тәмамдайды. Оқу барысында ұстаз қателерді түзетіп, Құранды дұрыс әрі көркем оқудың қағидаларын түсіндіреді. Соңғы аятты оқыған қатысушы дұға жасап, жиын қорытындыланады.

Бұл рухани басқосу жамағаттың бірлігін нығайтып, қасиетті айдың тағылымын терең түсінуге жол ашады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz