Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Қош келдің Рамазан!» тақырыбында эссе сайысы өтті
Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Қош келдің Рамазан!» тақырыбында эссе сайысы өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде ұстаз Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағаты арасында «Қош келдің Рамазан!» тақырыбында эссе сайысы өткізілді.

Сайысқа қатысқан қатысушылар өз ойлары мен сезімдерін қағаз бетіне түсіріп, қасиетті айдың мәні мен берекесін сипаттады. Бағдарламаның мақсаты – жамағаттың рухани білімін арттыру, жазушылық қабілеттерін дамыту және Рамазан айының тәрбиелік құндылығын насихаттау.

Шара барысында қатысушылардың бір-бірімен тәжірибе бөлісуіне және рухани құндылықтарды дәріптеуіне мүмкіндік берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz