Қасиетті Рамазан айының құрметіне Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Оразалы Ноянұлы мешіт жастарына «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында насихат жүргізді.
Шара барысында ұстаз қасиетті айдың рухани мәнін, адалдық пен ізгілікке ұмтылудың маңызын түсіндіріп, жастарды күнделікті өмірде игі істер жасауға, жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.
Жастар арасында өткен насихат жиналғандардың бірлігін нығайтып, Рамазан айында имандылықты, мейірімділікті және рухани тазалықты сақтауға үлгі болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы