Center Image
IHSAN.KZ
«Қамзе ата» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды
«Қамзе ата» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды

Қарағанды облысына қарасты Сұрыптау кенті «Қамзе ата» мешітінде қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

Жамағатпен бірге құлшылық жасап, аймақ тұрғындарын рухани кешке ұйыстырған мешіт имамы Думан Қамариденұлы қасиетті айдың басталуымен құттықтап, барша мұсылман қауымына ізгі тілегін білдірді. Ол өз сөзінде Рамазан – сабыр мен шүкірдің, кешірім мен мейірімнің айы екенін атап өтіп, жамағатты ауызбіршілік пен сауапты істерге шақырды.

Алғашқы тарауық намазына жиналған қауым ерекше рухани әсер алып, қасиетті айды зор қуанышпен қарсы алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz