Center Image
IHSAN.KZ
Қазыбек би мешітінде Құран дәрістері басталды
Қазыбек би мешітінде Құран дәрістері басталды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің наиб имамы Дастан Жанқозыұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Құран дәрістері басталды.

Рухани шараның мақсаты – жамағаттың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырып, қасиетті кітапты дұрыс әрі мәнерлеп оқуды үйрету, сондай-ақ оның мағынасына терең үңілуге бағыт беру. Дәрістер барысында қатысушылар тәжуид ережелерін меңгеріп, Құран аяттарының тәпсірімен танысуда.

Игі бастама жамағат тарапынан қолдау тауып, Рамазан айындағы сауапты істердің біріне айналды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz