Center Image
IHSAN.KZ
Өрт сөндіру мекемесі қызметкерлерімен кездесу өтті
Өрт сөндіру мекемесі қызметкерлерімен кездесу өтті

Абай аудандық орталық мешітінің наиб имамы Есбол Оңалұлы өрт сөндіру мекемесінің қызметкерлерімен кездесу барысында жат ағымның қоғамға тигізер зардабын түсіндірді.

Кездесу барысында дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен насихатталып, теріс пиғылды діни ағымдардың бірлікке сызат түсіретіні, отбасы тұтастығына кері әсер ететіні және қоғам тұрақтылығына қауіп төндіретіні айтылды. Сондай-ақ дін мәселесінде сенімді дереккөзге жүгіну, білікті мамандардан кеңес алу қажеттігі ескертілді.

Жиын соңында қызметкерлер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz