Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешіті Рамазан айына орай мерекелік безендірілді
«Бала қажы» мешіті Рамазан айына орай мерекелік безендірілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті мерекелік кейіпке енді.

Мешіт имамы Нуров Махмудқажы Нұрұлының ұйымдастыруымен игі бастама жүзеге асып, жамағат пен шәкірттер белсенді түрде атсалысты. Қасиетті айды ерекше ықыласпен қарсы алу мақсатында мешіт іші-сырты безендіріліп, мерекелік жазулар мен көрнекі безендірулер орнатылды.

Жамағатқа рухани көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын көркем безендірулер Рамазан айының қадір-қасиетін айшықтай түсуде. Бұл игі шара – бірлік пен ынтымақтың, ортақ сауапты іске деген жанашырлықтың айқын көрінісі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz