Саран қаласында қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазы өтті. Айрықша рухани кешке жамағат көптеп қатысып, қасиетті айдың алғашқы құлшылығын бірге атқарды.
Тарауық намазының алдында қаланың бас имамы жамағатты Рамазан айының басталуымен ресми түрде құттықтап, айдың маңызы мен артықшылықтары жөнінде уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар, биылғы Рамазан айында мешітте Құран хатымын жүргізетін қарилар жамағатқа таныстырылды.
Бас имам қариларға жауапты қызметтеріне табыс тілеп, жамағатты қасиетті айды тиімді өткізуге, құлшылық пен ізгі амалдарды арттыруға шақырды.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айында жасаған барлық ғибадаттарымызды қабыл етіп, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтсын.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы