Қасиетті Рамазан айының басталуына орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылды.
Мешіт имамы Асылхан Нұртайұлы жиналған жамағатты он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айымен құттықтап, қасиетті айдың қадір-қасиеті мен рухани артықшылықтары жайында тағылымды насихат айтты. Имам өз сөзінде Рамазан – кешірім мен мейірім айы екенін, бұл айда жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы еселенетінін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, бір ай бойы тарауық намазын жүргізетін қари Амангелді Алан Арманұлы таныстырылды. Айта кетейік, қари Египет Араб Республикасында «Асым» қырағаты бойынша Құраннан «Ижаза» алған.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айындағы құлшылықтарымызды қабыл етіп, елге тыныштық, береке-бірлік нәсіп етсін!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы