Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен алғашқы ауызашар дастарханы жайылды.

Берекелі дастархан барысында мешіт имамы Құран аяттарын оқып, ауызашар беруші жандардың отбасы мен ата-баба рухтарына Құран бағыштап, арнайы дұға жасады. Жиналған жамағат қасиетті айдың шапағатын сезініп, ізгі тілектерін білдірді.

Айта кетейік, ауызашар дастарханы бір ай бойы жалғасып, мешіт жамағаты үшін рухани басқосу алаңына айналмақ.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz