Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде “Бір айда бір кітап” жобасы аясында дәріс өтті
Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде “Бір айда бір кітап” жобасы аясында дәріс өтті

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына “Бір айда бір кітап” жобасы аясында “Ислам әдептерінің энциклопедиясы” тақырыбында дәріс өтті.

Дәріс барысында ислам әдебінің маңыздылығы, мұсылманның күнделікті өмірдегі көркем мінез-құлқы, қоғаммен қарым-қатынастағы ізгі ұстанымдары кеңінен түсіндірілді. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы мәліметтер ұсынылды.

Бұл жоба жамағаттың діни сауатын арттырып, рухани тұрғыда кемелденуіне ықпал ететін игі бастамалардың бірі болып табылады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz