Center Image
IHSAN.KZ
Ақтау кентінде алғашқы тарауық намазы оқылып, ауызашар берілді
Ақтау кентінде алғашқы тарауық намазы оқылып, ауызашар берілді

Теміртау қаласына қарасты Ақтау кентінде қасиетті Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.


Жамағат қасиетті айды ерекше ықыласпен қарсы алып, тарауық намазын өткізетін қари таныстырылды. Сонымен қатар мешітте алғашқы ауызашар дастарханы жайылып, жиналған қауымға Құран оқылып, дұға жасалды.


Рамазан айындағы мұндай рухани басқосулар ел арасындағы бірлік пен бауырмалдықты арттыра түсетіні сөзсіз. Алла Тағала қасиетті айдағы құлшылықтарымызды қабыл етсін! 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz