Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті қасиетті Рамазан айының келуін жыл сайынғы қалыптасқан үрдіс бойынша жарапазан айту арқылы қарсы алды. Мағыналы іс-шараға мешіт ұжымы, ақсақалдар қауымы және жамағыты белсене қатысып, тұрғындарға ерекше рухани әсер сыйлады.
Қаланың негізгі орындарында орындалған жарапазан жыры арқылы халыққа Рамазан айының келгені сүйіншілеп жеткізіліп, елге қуаныш пен береке тілеген игі тілектер айтылды.
Бұл көрініс қала тұрғындарының жүрегіне жылылық ұялатып, қасиетті айдың рухани атмосферасын терең сезінуге мүмкіндік берді.
Ізгі шараға куә болған қала тұрғындары ризашылықтарын білдіріп, жарапазан айтушыларға шашу шашып, ақ тілектерін арнады. Осындай рухани-мәдени шаралар арқылы мешіт пен жамағат арасындағы байланыс нығайып, қоғамдағы бірлік пен ынтымақ арта түсуде.
Қасиетті Рамазан айы барша мұсылман қауымы үшін береке, бірлік, сабыр және мейірім айы болғай!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы