Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде Рамазанның алғашқы күні өзге ұлт өкілі мұсылман атанды.
«Нұр» мешітінде Рамазанның алғашқы күні өзге ұлт өкілі мұсылман атанды.
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күні Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде ерекше рухани оқиға орын алды. Өзге ұлт өкілі, Фарид есімді азамат өз еркімен ислам дінін қабылдап, өміріндегі маңызды әрі саналы шешімге қадам жасады.

Фаридтің айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы ислам дінінің құндылықтарын зерттеп, жүрек қалауымен осы жолды таңдауға бекінген. Тарауих намазына жиналған жамағат алдында дін қабылдау рәсімі өтіп, ол кәлима шаһадат айтып, ресми түрде ислам дінін қабылдады. Іс-шараны мешіт қызметкерлері жүргізді.

Салтанатты сәтке куә болған жамағат жаңа мұсылман бауырымызға ақ тілектерін арнап, дұға жасап, рухани қолдау көрсетті. Бұл оқиға қасиетті Рамазан айының мейірімге, тура жолға және жүректердің тазалығына бастайтын ай екенін тағы бір мәрте айқындай түсті.

Алла Тағала жаңа мұсылман бауырымыздың иманын нәсіп етіп, өмір жолын нұрлы, жүрегін тыныштыққа толы еткей!

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz