Ерімбет ата мешітінде қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде шәкірттерге арналған ауызашар өтті.
Мешіт ұстазы Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шарада шәкірттерге ақ дастархан жайылып, ауызашар берілді. Кеш барысында Рамазан айының мәні мен маңызы, ниеттің тазалығы, шүкіршілік пен сабырдың құндылығы жайында насихат айтылып, жүректерге рухани серпіліс сыйлайтын уағыздар оқылды.
Іс-шара соңында жамағатпен бірге дұға жасалып, қасиетті айдың барша мұсылман қауымына берекелі әрі сауапты өтуі тілінді.
Бұл ауызашар шәкірттерді бірлікке, ізгілікке және көркем мінезге үндейтін, рухани тәрбиелік мәні зор тағылымды кездесу болып өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы