Ерімбет ата мешітінде ұстаз Әмина Алмасқызының ұйымдастыруымен өткен «Рамазанға рухани дайындық» марафоны өз мәресіне жетті.
Марафон барысында шәкірттер ниет тазалығы, шүкіршілік, зікір, нәпсі тәрбиесі, ғайбаттан сақтану және көркем мінез тақырыптарында білім алып, рухани дайындықтан өтті.
Қорытынды кеште марафонға белсенді қатысқан шәкірттер арнайы сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Іс-шараның басты мақсаты – Рамазан айын саналы түрде, ықыласпен және тұрақты амалмен өткізуге бағыт беру болды.
Шәкірттерге рухани өсім мен тұрақтылық тілеп, қасиетті айдың берекесі әр шаңыраққа нәсіп болуы үшін дұға жасалды. Бұл марафон шәкірттерді бірлікке, ізгілікке және көркем мінезге тәрбиелейтін маңызды рухани шараға айналды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы