Center Image
IHSAN.KZ
Төлеутай ата мешіті мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды
Төлеутай ата мешіті мешітінде алғашқы ауызашар дастарханы жайылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының алғашқы ауызашар дастарханы жайылды.

Ауызашарға жиналған мешіт жамағатына арнайы ас беріліп, берекелі айдың қадір-қасиеті жайлы тағылымды уағыз-насихат айтылды. Имам Рамазан айының сабыр, шүкір, кешірім мен мейірім айы екенін атап өтіп, жамағатты ізгі амалдар жасауға, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге шақырды.

Кеш барысында жамағат бір-біріне ізгі тілектерін арнап, рухани атмосферада ауыз ашты. Алғашқы ауызашар осылайша береке мен бірлікке толы кешке ұласты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz