Қарағанды облысы, Теміртау қаласының бас имамы
Ақниет Сәлімбайұлы бастамасымен Рамазан айының қыс мезгіліне тұспа-тұс келуіне орай игі шара ұйымдастырылды.
Қыстың суығында еңбек етіп жүрген ораза ұстаушы қызметкерлерге, атап айтқанда көше тазалығын қамтамасыз етіп жүрген азаматтарға арнайы ауызашар қоржындары таратылды.
Бұл – қоғамға адал қызмет етіп жүрген жандарға деген құрметтің және Рамазан айындағы мейірім мен жанашырлықтың айқын көрінісі.
Алла Тағала ниеттерді қабыл етіп, елге қызмет етіп жүрген әрбір азаматтың еңбегіне береке нәсіп етсін
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы