Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Қарағанды облысының ұстаздарымен кездесті
ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Қарағанды облысының ұстаздарымен кездесті

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Қарағанды облысына жасаған қызметтік сапары аясында бірқатар рухани кездесулер өткізіп, аймақтағы әйел ұстаздарымен жүздесті.

Сапар барысында ол Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Ерғожинаның шаңырағында болып, арнайы ұйымдастырылған ақ дастархан басында бас қосты. Жиынға Қарағанды облысының әйел ұстаздары құрметті қонақ ретінде қатысып, өзара пікір алмасу алаңы қалыптасты.

Кездесу барысында қоғамдағы әйелдің орны, отбасы тәрбиесі, діни сауаттылықты арттыру, ұстаздық қызметтің жауапкершілігі сынды өзекті рухани тақырыптар кеңінен қозғалды. Динара Құтқожақызы ізгілік пен парасаттылыққа үндейтін мазмұнды насихат айтып, жиналған ұстаздардың еңбегіне жоғары баға берді.

Шара соңында ұстаздарға алғыс білдіріліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Тағылымды кездесу рухани байланысты нығайтып, тәжірибе алмасуға және ортақ мақсат жолындағы бірлікті арттыруға серпін берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz