Қарағанды облысы, Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен қасиетті Рамазан айында көршіге көңіл бөлу, бауырмалдық пен татулықты арттыру мақсатында «Көршіңе қуаныш сыйла!» атты игі бастама жүзеге асырылды.
Аталған шара аясында жамағат көршілеріне ауызашар қоржындарын таратып, жылы сөз бен шынайы ықыластарын білдірді. Бұл бастама – қоғамда мейірім мен жанашырлықты нығайтып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көрші ақысына қатысты өсиеттерін іс жүзінде орындауға бағытталған маңызды қадам.
Рамазан – тек ораза ұстау айы ғана емес, айналамыздағы жандарға жанашырлық танытып, қуаныш сыйлайтын берекелі мезгіл. Алла Тағала жасалған әрбір игі іске мол сауаптан жазсын!
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы