Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінде «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында насихат өтті
Аталмыш шара Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітіне жиналған жамағат арасында өткізілді.
Мешіттің наиб имамы Аманбол Рымқұлұлы жасанды интеллектті тиімді пайдалану жолдары мен оның өмірдегі пайдалы жақтарын түсіндірді. Имам өмірдің күн мен түннен тұратыны тәрізді жасанды интеллекттің де артықшылықтары бар екенін жеткізіп, тақырыпқа сай жамағаттың сұрақтарына жауап берді.
Шара жастарды қазіргі заман технологияларын дұрыс пайдаланып, рухани құндылықтардан жаңылмауға үндейтін насихаттық сипатқа ие болды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы