Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағатқа арналған «Намаз оқып үйрену» курсы тұрақты түрде өтіп жатыр. Курстың негізгі мақсаты – намаздың дұрыс орындалу тәртібін үйрету, құлшылық барысында жіберілетін қателіктерді түзету және жамағаттың діни сауаттылығын арттыру.
Сабақтар барысында намаздың парыздары, уәжіптері, сүннеттері, дұғалары мен сүрелері практикалық түрде түсіндіріліп, әр қатысушыға жеке бағыт-бағдар беріледі. Курс мешіт жамағатына тұрақты түрде ұйымдастырылып, барлық ниет білдіруші азаматтарға ашық.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы