Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «30 күнге 30 уағыз» жобасы жүзеге асуда
«Нұр» мешітінде «30 күнге 30 уағыз» жобасы жүзеге асуда
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай ерекше рухани жоба жүзеге асырылуда. «30 күнге 30 уағыз» атты бастама аясында тарауих намазының алдында әр күн сайын уағыз-насихат жүргізіледі.

Жоба мақсаты – мешіт жамағаты мен қала тұрғындарын Рамазанның мәні мен маңызымен таныстыру, ізгі амалдарға шақыру және діни білімді кеңейту. Күнделікті уағыздарда имамдар өзекті тақырыптарды қозғай отырып, адамдарға құндылықтар мен дұрыс өмір жолдарын түсіндіруде.

Мешіт ұжымы мен қатысушылар жобаның қаладағы рухани өмірді жандандырып, мұсылман қауымын біріктіруге септігін тигізетінін атап өтті.

Бұл бастама Рамазан айының рухани маңызын арттырып, әрбір жамағат мүшесінің имандылық пен қайырымдылыққа деген ұмтылысын күшейтеді деп сенім білдіріледі.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz