Center Image
IHSAN.KZ
Рамазан айына дайындық марафонының жеңімпаздары марапатталды
Рамазан айына дайындық марафонының жеңімпаздары марапатталды
Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің әйел - қыздар жамағатының ұйымдастыруымен, Рамазан айына дайындық марафонының жеңімпаздары марапатталды. 
Марафонның басты мақсаты – қасиетті айда күнделікті ізгі амалдарды көбейту, Алланы еске алу, жүрек тазалығын арттыру және өзін-өзі тәрбиелеуге дағдылану болды.

Марафон бағдарламасы бойынша: Күніне кемінде 100 салауат айту – Пайғамбар ﷺ айтуынша, салауат оқу жүрекке нұр, рухқа тыныштық әкеледі.
«Уақиға» сүресін оқу. Құран оқу жүректі нұрландырып, адамның иманын нығайтады. Алланың көркем 99 есімін мағынасымен оқу. Әрбір есімнің мағынасын түсіну арқылы адамның рухани түсінігі артып, Аллаға деген махаббат пен құрмет күшейеді.
Күнде Құранға амал ретінде бір жақсы іс жасау – әрбір ізгі амал Алла алдында сауап болып, адамның мінез-құлқын жетілдіреді.

Марафонға қатысушылар тұрақтылық танытып, сабырлық пен ізгі амалдарды күнделікті өмірге енгізуге үлес көрсетті. Көпшілігі рухани тыныштықтың артқанын, уақытты тиімді пайдалану әдетінің қалыптасқанын және мінез-құлықта оң өзгерістер болғанын атап өтті.
Марафон қорытындысы бойынша белсенді және тұрақты қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz