Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде ауызашар дастарқандарында ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылық пен қанағатшылдықты насихаттау бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Рамазан айы — нәпсіні тәрбиелеп, сабыр мен шүкіршілікке үйрететін қасиетті ай. Осы орайда жамағатқа дастарқандарды сән-салтанатқа емес, сауап пен ықыласқа негіздеп ұйымдастыру керектігі айтылды. Артық шығын мен бәсекелестікке жол бермей, қарапайым әрі берекелі дастарқан жаю – шынайы тақуалықтың белгісі ретінде көрсетілді.
Мақсат – қоғамда қанағатшылдық мәдениетін қалыптастырып, мұқтаж жандарға көбірек қол ұшын созуға үндеу жасап, Рамазанның рухани мәнін терең сезіндіру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы