Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінің «Әжелер мектебі» рухани ауызашар кешін ұйымдастырды
«Нұр» мешітінің «Әжелер мектебі»  рухани ауызашар кешін ұйымдастырды
Қасиетті Рамазан айы аясында Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде ерекше рухани әрі тағылымды ауызашар дастарханы ұйымдастырылды. Игі шараны Мәдениет сарайының Қазақ ұлттық “Парасат” орталығының Асыл ақ әжелері мен мәдениет үйінің басшылары бірлесе өткізді.

Шараға жетекшілік еткен Кушекова Аманкуль Алькеновна – Қазақ ұлттық “Парасат” орталығының жетекшісі.Ұйымдастырылған ауызашар дастарханына 100-ге жуық жамағат жиналып, рухани ортада бірге ауыз ашты.

Игі басқосуда мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жамағатқа «Оразадағы сақтық шаралар» тақырыбында уағыз-насихат айтып, қасиетті айда денсаулықты сақтау, сабырлық, тәртіп және рухани тазалықтың маңыздылығына тоқталды.

Аталған шара қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтып, ұлттық құндылықтар мен діни дәстүрдің сабақтастығын айқындайтын тағылымды кездесу болды. Осындай игі бастамалар ел ішіндегі татулықты арттырып, рухани тәрбиенің тереңдеуіне үлкен үлес қосатыны сөзсіз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz