Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ұйымдастырылған «Рамазанға дейін Құранды жүзінен оқып үйрен» атты рухани марафон өз мәресіне жетті.
Аталған жоба жамағаттың Құран Кәрімге деген құрметі мен ықыласын арттыруға, сондай-ақ қасиетті Рамазан айына рухани тұрғыдан жүйелі дайындық қалыптастыруға бағытталды. Марафон аясында қатысушылар Құран мәтінін жүзінен сауатты әрі дұрыс оқуды кезең-кезеңімен меңгеріп, діни білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды.
Іс-шара қорытындысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы марафон қатысушыларына арнайы сертификаттар табыстап, олардың рухани ізденістеріне оң бағасын берді.
Аталған бастама мешіттің діни-ағартушылық бағыттағы жүйелі жұмыстарының бірі ретінде жүзеге асырылып, жамағаттың рухани мәдениетін арттыруға және Құран іліміне деген ынтасын нығайтуға қызмет етті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы