Қарағанды қалалық “Әл Машани” мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының бастамасымен әйелдер жамағатына арналған «Сауапқа толы Рамазан» атты рухани ауызашар кеші ұйымдастырылды.
Кеш Сайлау Жұмағұлұлының Хатым дұғасымен басталып, уағызымен жалғасты. Жамағатпен бірге Алланы ұлықтау мақсатында зікір оқылып, Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат жолданды.
Мешіт ұстаздары рамазан айында жасалатын сауапты амалдар мен ізгі істер жайында насихат айтып, қатысушыларға рухани бағыт берді. Сонымен қатар, Құранға түскен шәкірттерге Тәж кигізу рәсімі өткізілді.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кеш барысында Жарапазан дәстүрі де көрсетілді. Шәкірттер Рамазан айының қадірі мен мәнін білдіретін өлеңдерін оқып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Кеш барысында 200 адамға ауызашар дастарханы жайылып, қонақтар қажы апалардың батасынан рухани ләззат алды.
Бұл іс-шара қатысушыларға Рамазан айының рухани маңызын сезінуге және сауапты амалдар жасауға мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы