ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қарағанды облысына келген іс сапары барысында Абай аудандық мешітінде өткен қайырымдылық шарасына қатысып, 50 отбасыға азық-түлік қоржынын табыстады.
Қайырымдылық акциясы «Рамасан сыйы» жобасы аясында өтті.
Шара барысында аз қамтылған, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі санаттағы отбасыларға азық-түлік қоржыны теңдей үлестірілді.
Игі іске мұрындық болып, демеушілік көрсеткен дін жанашырларына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы