Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айының ауызашар дастарханына жиналған жамағатқа дәстүрлі діни таным мен ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.
Шара барысында мешіт наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы уағыз айтып, Рамазан айының қасиеті мен мән-маңызына тоқталды. Ол өз сөзінде оразаның адам баласын сабырлылыққа, шүкіршілікке, мейірімділікке тәрбиелейтінін атап өтті. Сонымен қатар қоғамдағы отбасының рөлі, ата-анаға құрмет, ұрпақ тәрбиесі, салт-дәстүрдің маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірді.
Уағыз барысында дәстүрлі діни танымды сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу – ел бірлігі мен рухани тұрақтылықтың негізі екені айтылды. Жамағатқа отбасы институтын нығайту, өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру жөнінде насихат жүргізілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға «Ислам және отбасы құндылығы» атты кітапшалар тарту етіліп, рухани мазмұндағы басылымдар үлестірілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы