Center Image
IHSAN.KZ
Саран қаласы мешітінде «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты семинар өтті
Саран қаласы мешітінде «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» атты семинар өтті
Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Рамазан – адал қоғамды қалыптастыру айы» тақырыбында тағылымды семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – қасиетті айдың рухани маңызын түсіндіру, қоғамдағы адалдық, жауапкершілік және көркем мінез құндылықтарын насихаттау болды.

Семинар барысында Рамазан айының адам тәрбиесіндегі орны, нәпсіні тыю, сабыр сақтау, шынайылық пен жанашырлық қасиеттерін дамыту жайында кеңінен айтылды. Қатысушыларға оразаның тек аш жүру емес, тіл мен жүректі, ой мен іс-әрекетті де тазартуға бағытталған ғибадат екені түсіндірілді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz