Center Image
IHSAN.KZ
«Шаңырақ» балабақшасында ұлттық құндылықтар тақырыбында кездесу өтті
«Шаңырақ» балабақшасында ұлттық құндылықтар тақырыбында кездесу өтті

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Дәстүр және отбасы» бағытының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы Қарағанды қаласындағы Шаңырақ балабақшасының  басшылығымен және ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мектепке дейінгі жастағы балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрді дәріптеу және отбасы тәрбиесінің маңызын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Наиб имам өз сөзінде бала тәрбиесі – ұлт болашағының негізі екенін атап өтіп, жас ұрпаққа имандылық, ізгілік, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық сияқты асыл қасиеттерді ерте жастан үйретудің маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ дәстүрлі діни таным мен ұлттық тәрбиенің өзара сабақтастығы сөз болып, тәрбиешілердің бала санасына рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңірудегі жауапкершілігі айтылды. Бала тәрбиесінде ата-ана мен білім беру мекемелерінің тығыз байланысы қажет екені ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында ұжым тарапынан көкейдегі сұрақтар қойылып, өзара пікір алмасу өтті. Мұндай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz