Center Image
IHSAN.KZ
Саран қалалық мешітінде «30 күнге 30 уағыз» бастамасы өтуде
Саран қалалық мешітінде «30 күнге 30 уағыз» бастамасы өтуде
Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінде қасиетті Рамазан айына орай «30 күнге 30 уағыз» атты рухани бастама жүзеге асырылуда. Аталған жоба аясында тарауих намазының алдында күн сайын жамағатқа тағылымды уағыз-насихат айтылады.

Уағыз барысында имандылық, сабыр, шүкіршілік, ата-анаға құрмет, көркем мінез, ауызбіршілік секілді маңызды тақырыптар кеңінен қозғалады. Сонымен қатар оразаның қадір-қасиеті мен Рамазан айының артықшылықтары түсіндіріліп, мұсылман баласының бұл айда атқаруы тиіс амалдары насихатталады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz