Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық орталық мешіті: «Қош келдің, Рамазан!» рухани кешінде жарапазан жыры жаңғырды
Абай аудандық орталық мешіті: «Қош келдің, Рамазан!» рухани кешінде жарапазан жыры жаңғырды

Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен қасиетті айдың құрметіне орай «Қош келдің, Рамазан!» атты рухани кеші өтті. Тағылымды шараға аудан жамағаты қатысып, Рамазан айын ерекше ықыласпен қарсы алды.

Кеш барысында Қарағанды облысының бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы жиналған қауымды қасиетті айдың келуімен құттықтап, Рамазанның рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен қайырымдылықтың айы екенін атап өтті.

Рухани кештің көркі болған — жарапазан жыры. Ұлттық дәстүріміздің асыл мұрасы саналатын жарапазан айтылып, Рамазанның қадір-қасиеті мен берекесі жырға қосылды. Жарапазан — халқымыздың діни танымы мен салт-дәстүрін сабақтастыра насихаттайтын тағылымды өнер. Кеште шырқалған жарапазан жырлары жамағатқа ерекше әсер сыйлап, көпшілік рухани әсерге бөленді.

Сонымен қатар дәстүрлі әндер орындалып, ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар ақ батасын берді. Баталы кеш жамағаттың бірлігін арттырып, Рамазан айының шапағатын сезіндірген мазмұнды рухани шараға айналды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz