Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда «Бір айда бір кітап» жобасы ұйымдастырылды
Теміртауда «Бір айда бір кітап» жобасы ұйымдастырылды

Рамазан айында Теміртау қалалық «Жақып Ақбай» мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында оқу дәрісі ұйымдастырылды. Шара барысында «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабы негізінде діни тәрбие, ізгілік жолдары мен әдеп-ғұрып мәселелері түсіндірілді.

Дәріске қатысушыларға кітаптағы тақырыптар бойынша мағыналы уағыз беріліп, күнделікті өмірде ислам этикасын ұстанудың маңызы айтылды. Бұл іс-шара жамағаттың рухани дамуына, діни білімін тереңдетуге және Рамазан айының тәрбиелік мәнін арттыруға бағытталды



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz