ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас
мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасымен
«Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Қарағанды облысына жасаған қызметтік сапары барысында облыстық «Әнет баба» мешітінде өткен «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты.
Игі шара барысында қор директоры
ауыр дертке шалдыққан Керейбаева Ляззат есімді азаматшаның еміне
2 000 000 теңгелік сертификатты табыстап, дертіне шипа тіледі.
Қайырымдылық шарасына
арнайы қатысқан ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы
қайырлы шараға ат салысып, демеушілік көмек көрсеткен дін жанашырларына
ризашылығын білдіріп, көмек алған жандарға насихат айтып, сынаққа мойымауға
шақырды.
ҚМДБ-ның Қарағанды
облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы