Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАЗЫБЕК БИ МЕШІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАЗЫБЕК БИ МЕШІНІҢ ЖАМАҒАТЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің жамағатымен жүздесіп, қасиетті рамазан айымен құттықтады.

 «Рамазан - рухани кемелдікке жетелейтін мектеп» тақырыбында уағыз айтқан Бас имам: «Адам баласы Рамазан айының берекетін сезініп, Жаратушының кешіріміне ие болып, мол сауаптарға кенеледі. Ораза – Алла мен пенденің арасындағы құпия ғибадат. Бұл – адамның рухын шыңдап, нәпсісін тізгіндейтін, пендені кемелдікке жетелейтін тәрбие мектебі. Егер біз Рамазан айынан рухани жаңарған, мейірімді, сабырлы әрі тақуа қалпымызда шыға алсақ, онда қасиетті айдың бізге берген жемісі мен жеңісі осы болмақ»,-деді.

 Бас имам намаздан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz