Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің еріктілер тобы қала тұрғындарына су мен құрма үлестірді.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің еріктілер тобы қала тұрғындарына су мен құрма үлестірді.
Рамазан айының берекелі күндерінде Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті жанынан құрылған «еріктілер тобы» игі істің үлгісін көрсетті. Қасиетті айдың рухына сай, ерікті жастар қала көшелерінде жүріп, тұрғындарға ауыз ашарға су мен құрма үлестірді.

Бұл шараның негізгі мақсаты – ораза ұстаған жандарға қолдау көрсету, қоғамда мейірімділік пен бауырмалдықты нығайту, сондай-ақ Рамазан айының рухани атмосферасын сезіндіру. Еріктілер тобының бұл бастамасы қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленіп, көпшіліктің ризашылығын тудырды.

Мешіт ұжымы мұндай қайырымды істер алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып, жамағатты игі амалдарда бірлікке, ынтымаққа шақырды. Рамазан – тек құлшылық айы ғана емес, сонымен қатар адамгершілік, қайырымдылық пен өзара көмектің айы екені осындай іс-шаралар арқылы айқын көрініс табуда.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz