Center Image
IHSAN.KZ
Төлеутай ата мешіті жамағаты ауызашар дастарханында бас қосты
Төлеутай ата мешіті жамағаты ауызашар дастарханында бас қосты

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қасиетті Рамазан айына орай ауызашар дастарханы ұйымдастырылып, мешіт жамағаты игі шарада бас қосты. Рухани кешке жиналған көпшілік қасиетті айдың берекесін бірге сезініп, бірлік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.

Іс-шара барысында мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеті, оразаның адам тәрбиесіндегі орны, сабыр мен шүкіршіліктің маңызы жайында тағылымды насихат айтты. Сондай-ақ, бұл айдың мұсылман баласын мейірімділікке, кешірім мен жанашырлыққа үндейтіні кеңінен түсіндірілді.

Ауызашар барысында жамағат бір дастархан басында отырып, өзара пікір алмасып, рухани әңгіме өрбітті. Кеш соңында ел амандығы, жер тыныштығы, халқымыздың бірлігі мен берекесі үшін арнайы дұға жасалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz