Қасиетті Рамазан айының қарсаңында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Қарағанды облысы бойынша секторының ұйымдастыруымен «Салауатты Рамазан: “Оразада дұрыс тамақтану жолдары”» атты танымдық семинар өтті.
Шараның мақсаты – ұлық айдың қадір-қасиетін кеңінен түсіндіру, жамағаттың діни және ақпараттық сауаттылығын арттыру.
Семинар барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Әйгерім Беріколқызы Рамазан айының маңыздылығы, оразаның қағидалары мен талаптары, оның рухани тәрбиелік мәні туралы мазмұнды насихат айтты.
Қатысушыларға оразаның сабыр мен тақуалыққа тәрбиелейтін ұлы ғибадат екені кеңінен түсіндірілді.
Арнайы шақырылған спикер, дәрігер-эндокринолог Жансая Шыңғысханқызы Рамазан айында дұрыс тамақтану, ағзаны оразаға дайындау, сәресі мен ауызашар уақытында тамақтану тәртібін сақтау, пайдалы әрі жеңіл ас таңдаудың маңызы жөнінде кәсіби кеңестерін бөлісті.
Сонымен қатар, ораза ұстау барысында денсаулыққа зиян келтірмеудің жолдары жан-жақты баяндалды.
Семинар соңында жамағат сұрақтарына жауап беріліп, ораза кезінде ем қабылдау мәселелері, сапардағы мұсылманның үкімі, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қатысушыларға Рамазанға пайдалы кеңестерұсынылып, салауатты әрі сауапты ай өткізуге шақырылды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы