ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Адал ас мәдениеті» тақырыбында әйел -қыздар жамағатына арналған семинар өтті.
Семинарда Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы, «Халал Даму» - дың Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы және эндокринолог- дәрігер, диетолог Жансая Шыңғысханқызы спикер болып, халал мен харам асты ажырату, дұрыс тамақтану, денсаулықты нығайту, ағзаны дұрыс тамақтану арқылы ретке келтіру, сондай-ақ тағамдық қоспалардың (құрамындағы ингредиенттердің) рұқсат етілуі жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға әйел жамағаты қатысып, күнделікті тұтынатын азық-түліктің халалдығына мән беру, дұрыс тамақтану мәдениеті және отбасы дастарқанындағы адалдық қағидалары туралы маңызды мәліметтер алды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша басасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы