Center Image
IHSAN.KZ
Балқаш қалалық мешітінде «Жарапазан айту» дәстүрі жаңғырды
Балқаш қалалық мешітінде «Жарапазан айту» дәстүрі жаңғырды

Балқаш қалалық мешіті қасиетті Рамазан айында ұлттық құндылықтарымыздың бірі – «Жарапазан айту» дәстүрін жалғастырды.

Дәстүрлі шараға мешіт қызметкерлері, ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер, сондай-ақ мешіт жамағаты қатысты. Рухани мазмұнға толы іс-шара мешіт ауласынан бастау алып, қала көшелері мен қоғамдық орындарды аралау арқылы жалғасын тапты. Қатысушылар жарапазан жырларын айтып, Рамазан айының қадір-қасиетін насихаттап, тұрғындарға ізгі тілектерін жеткізді.

Ұлық айдың шырайын кіргізген бұл игі бастама қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Көпшілік ұлттық дәстүр мен діни құндылықты ұштастырған тағылымды шараға ризашылықтарын білдірді.

Жарапазан айту – халқымыздың рухани мұрасын жаңғыртып, ұрпақ санасына имандылық пен ізгілік дәнін себетін өнегелі дәстүр.




Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz