Center Image
IHSAN.KZ
Құлайғыр ауылында «Рамазан сыйы» таратылды
Құлайғыр ауылында «Рамазан сыйы» таратылды

Абай ауданына қарасты Құлайғыр ауылдық мешітінде қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Игі бастама аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға «Рамазан сыйы» үлестірілді. Азық-түлік себеттері табысталып, тұрмысы төмен жанұяларға рухани әрі материалдық қолдау көрсетілді.

Шараның басты мақсаты – ұлық айда мұқтаж жандарға демеу болып, қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайту. Ауыл тұрғындары қайырымдылық акциясына атсалысқан жамағатқа алғыстарын білдірді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz