Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде Рамазанға дайындық марафоны аяқталды
«Бала қажы» мешітінде Рамазанға дайындық марафоны аяқталды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен Рамазанға дайындық марафоны өз мәресіне жетті.

Марафон барысында қатысушыларға оразаның мән-маңызы, рухани тазару және құлшылық әдебі жөнінде дәрістер оқылып, насихат айтылды.

Шара барысында «Көркем мінез» тақырыбында уағыз айтылып, мұсылманның бойындағы ізгі қасиеттердің маңызы түсіндірілді.

Шара соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, Рамазан айын жоғары рухани деңгейде өткізуге тілектестік білдірілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz