Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Жүректің сырлары» кітап оқу курсының қорытынды кеші өтті
«Әл-Ғаффар» мешітінде «Жүректің сырлары» кітап оқу курсының қорытынды кеші өтті
Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешіті әйел қыздар жамағатының “Иқро көзайым” оқырман ханымдар клубының кезекті кітабы Жүректің сырлары. Ұлы ғұлама Әбу Хамид әл-Ғазали еңбектерінің бірі – «Жүрек сырлары» кітабы бойынша ұйымдастырылған рухани оқу курсы өз мәресіне жетіп, қорытынды кеш өткізілді.

Аталған еңбек – жүрек тәрбиесі, ниет тазалығы, ықылас, риядан сақтану, сабыр мен тәуекел сынды маңызды рухани ұғымдарды терең талдайтын тағылымды шығарма. Курс барысында қатысушылар жүректің рухани сырларын танып, адамның ішкі әлемін түзетудің маңыздылығын зерделеді.

Кеш барысында шәкірттер өз әсерлерімен бөлісіп, кітаптан алған тағылымдарын ортаға салды. Әсіресе, жүрек аурулары мен олардың шипасы туралы бөлімдер ерекше ықыласпен талқыланды. Ғазали ілімі әрбір қатысушының өзін-өзі тануына, ниетін саралауына және амалдарын түзетуіне үлкен серпін берді.

Іс-шара рухани атмосферада өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Кеш соңында білім алушыларға алғыс білдіріліп, рухани ілім жолындағы талпыныстары үшін ізгі тілектер айтылды.

Мұндай рухани кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, жүрек тәрбиесіне бағытталған еңбектерді бірлесе оқу дәстүрге айналады деген сенімдеміз.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz