Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен әйел - қыздар жамағаты үшін «Ораза – аштық емес, мінез тәрбиесі. Тіл, көз, жүрек оразасы» тақырыбында уағыз насихат өтті.
Шара барысында қатысушыларға оразаның тек тамақтан бас тарту емес, тіл, көз және жүрек тәртібін дұрыс ұстау арқылы мінезді тәрбиелеу маңызы түсіндірілді.
Уағыз соңында әйел жамағаты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, алған рухани тағылымдарын талқылады. Іс-шара жүрек пен мінезді жетілдіруге, ниет пен ықыласты арттыруға бағытталған сипатта өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы