Қарағанды қалалық “Әл-Ғаффар” мешіті әйел қыздар жамағаты “Рамазанға дайындық” марафонның қорытындысына жиналды.
Қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында ұйымдастырылған рухани марафон өз мәресіне жетіп, қорытынды кездесуі өткізілді.
Аталған марафонның басты мақсаты – жамағатты Рамазан айына рухани, білімдік және моральдық тұрғыдан дайындау, ниетті жаңарту, құлшылыққа деген ықыласты арттыру болды. Бірнеше күнге созылған бұл рухани сапар барысында қатысушылар оразаның мән-мағынасы, сабыр мен шүкірдің орны, Құранмен байланыс, тәубе және жүрек тазалығы тақырыптарын қамтыды.
Марафон аясында күнделікті тапсырмалар, пайдалы насихаттар мен практикалық кеңестер беріліп, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Қорытынды кеште шәкірттер алған әсерлерімен бөлісіп, Рамазан айын саналы әрі нәтижелі өткізуге ниеттерін білдірді.
Іс-шара барысында рухани тәрбие, уақытты тиімді пайдалану және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері де қозғалды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, белсенділік танытқан жандарға алғыс білдірілді.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай тағылымды жобалар жалғасын табатынын атап өтті. Рамазан айы әрбір мұсылман үшін жаңару мен тазару кезеңі екені ерекше еске салынды.
Алла Тағала баршамызға қасиетті Рамазан айын пайдалы әрі берекелі өткізуімізді нәсіп етсін.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы