Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұстазы Фатима Аманболдықызының ұйымдастыруымен мешітте «Отбасында Рамазан рухын қалыптастыру» тақырыбында уағыз насихат өткізілді.
Шара барысында қатысушыларға Рамазан айының отбасылық өмірдегі мәні, оразаның үй ішіндегі берекені арттырудағы рөлі, балалар мен ата-аналарға рухани тәрбие беру жолдары түсіндірілді.
Уағыз соңында қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісіп, алған рухани тағылымдарын талқылады. Іс-шара рухани тәрбиені нығайтуға және отбасыдағы ізгі дәстүрлерді сақтау маңызды екенін көрсететін сипатта өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы